15:49 09 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
8615 0 0

Маскүнем ретінде есепте тұрған әйелдің 11 жастағы қызы үйге жүгіріп келіп, әпкесі қорада өзіне қол жұмсағанын хабарлаған

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір — Sputnik. Ақмола облысының учаскелік полиция инспекторы уақытында келіп, суицидтің алдын алды, деп хабарлады Polisia.kz.

8 сәуірде Жақсы аудандық полиция бөліміне Перекатное ауылының 28 жастағы тұрғынынан телефон хабарламасы келіп түскен. Әйел 32 жастағы әпкесі кәмелетке толмаған қызын ұрып жатқанын жеткізген.

Кейін куәгерлердің айтуынша, үйде жанжал шығарған әйел қызын мойнынан ұстап, оны тұншықтыра бастаған, сонымен бірге інің екеуіңді балалар үйіне беріп жіберемін деп қорқытқан.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында полиция табыт жасайтын тұрғынның үйіне есікті бұзып кірді

Учаскелік полиция инспекторы Данияр Нұрғамиден жедел-тергеу тобын күтпей, дереу оқиға орнына аттанады. Айтылған мекенжайға келген учаскелік инспектор созылмалы маскүнем ретінде есепте тұрған үш баланың анасы сол күні ішімдік ішкенін анықтаған.

Осы сәтте әйелдің 11 жастағы қызы үйге жүгіріп келіп, әпкесі қорада өзіне қол жұмсағанын хабарлаған. Полицей қораға жүгіріп барып, үй иесінің 14 жастағы қызын ажалдан арашалап қалған. Жасөспірім есін жоғалтса да, аман қалды.

Кейін учаскелік полиция қызметкері жедел жәрдем бригадасын шақырып, болған оқиға туралы кезекші бөлімге хабарлады. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған бала ауруханада жатыр және жағдайы жақсы. Профилактикалық есепте тұрған отбасының 14 жастағы қызымен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Тақырып бойынша

Боранда жүргізушілерге жүгіріп жүріп жол көрсеткен полицей марапатталды
Ақмола облысында жолда қалған отбасыға полицейлер көмекке келді
Загрузка...

Басты тақырып