20:06 18 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.39
  • EUR515.52
  • RUB5.68
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1048 0 0

Қолға түскен 9 күдіктінің төртеуі сот шешімімен қамауға алынып, бесеуі ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатылды

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Түркістан облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін қолға түсіру бойынша арнайы операция өтті. Полицейлер тоғыз адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Қазығұрт ауданының тұрғыны облыстық полиция департаментіне шағымданып, үш адам оған зәбір көрсетіп, төрт миллион теңгеге жуық қаражат талап еткенін айтқан.

"Қылмыстың ауырлығын ескере отырып, полиция департаменті мен облыстық ҰҚКД жедел бөлімнің тәжірибелі қызметкерлерінен бірлескен топ құрды. Қажетті барлық жедел іздеу шаралары жүргізіліп, осы қылмысқа қатысы бар азаматтар анықталды. Олар ұйымдасқан қлмыстық топ мүшелері болып шықты", – деді полицияда.

Жедел шаралар жүргізу нәтижесінде Қазығұрт, Келес және Сарыағаш аудандарының тоғыз тұрғыны ұсталды.

Күдіктілердің арасындағы төрт азамат ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері екені белгілі болды. Ал үшеуі бұзақылық, адам ұрлау және террористік ұйым құру мақсатында адамдарды тарту қылмысы үшін бұрын сотты болған.

Төрт күдікті сот шешімімен қамауға алынып, бес азамат ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатылды. Жедел қызметкерлер күдіктілердің бірінің үйін тінту кезінде нөмір белгісі зақымдалған аңшылық қарудың шолақ мылтық пен металл кастет тауып, тәркіледі.

Қазіргі кезде тергеп, тексеру жұмыстарымен Түркістан облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы айналысып жатыр.

Оқи отырыңыз: "Жетіммін": Алматыда бір күнде 2 миллион 300 мың теңге тапқан ер адам ұсталды

Полицейлер бұл фактіні сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне 194-бап (бопсалау) бойынша тіркеді. Осы бапқа сәйкес бұзақылар мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тақырып бойынша

Солтүстік өңірге есірткі жеткізумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды – видео
10 жыл іздеуде жүрген: Нұр-Сұлтанда мейрамхананың бас аспазы ұсталды
Қарағандыда екі банк қызметкері ұсталды
Әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз Тараз маңында ұсталды
Павлодарда "Жұмабектің бажасы" ұсталды – видео
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, қылмыстық топ
Загрузка...

Басты тақырып