Өңірлер

Ақтауда автобус жолаушыларына қатысты жаңа ереже енгізілді

© Sputnik / Абзал КалиевАвтобус салонындағы адамдар
Автобус салонындағы адамдар - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2021
Жазылу
Қалалық әкімдік тарапынан 8 сәуірден бастап арнайы рейдтер жүргізіліп, "бетпердесіз" жолаушыларды анықтау жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Ақтауда бетпердесі жоқ жолаушыларды кондукторлар автобустарға кіргізбейді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды жергілікті lada.kz басылымы.

Облыстың бас санитар дәрігерінің 6 наурыздағы қаулысына орай, өңірде санитарлық-дезинфекциялық шаралар мен маска тағу режимін қатаң сақтау күшейтілген.

"Құжатқа сәйкес, автобустардағы жолаушылардың орналасуы орындар санынан аспауы керек. Сондай-ақ, бұдан былай маска режимі сақталмаса, кондукторлар жолаушыны автобусқа кіргізбеуге құқылы", – делінген ақпаратта.

Ал қалалық әкімдік тарапынан 8 сәуірден бастап арнайы рейдтер жүргізіліп, "бетпердесіз" жолаушыларды анықтау жоспарланған.

"Коронавирустық індет қайта қарқын алуда: көрші үш облыс "қызыл" аймаққа кірді. Осыған байланысты азаматтардан санитарлық талаптарды сақтап, қоғамдық көліктерде маска тағып жүруді сұраймыз", – делінген әкімдік хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Жол ақысына ақшасы жетпеген: автобус жүргізушісі қыздың бас киімін тартып алды

Жаңалықтар
0