18:15 11 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.15
  • EUR515.06
  • RUB5.61
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
2265 0 0

Қаскөй қыздың есікті ашқанын күтіп тұрып, оған пышақпен тап берген. Көмек сұраған дауысты көршісі естіген

ПЕТРОПАВЛ, 7 сәуір – Sputnik. Петропавлда полицейлер көп қабатты үйдің кіреберісінде қызға пышақпен тап берген ер адамды іздеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қаскөй қыздың пәтер есігін ашқанын күтіп тұрып, оның тамағына пышақ кезеніп, шешіндіре бастаған. Ол қарсылық көрсетіп, айқайлаған, шуды естіген көршісі қызды құтқарып қалыпты. Бұл туралы жәбірленушінің таныстары әлеуметтік желіде жазды.

Үштөбеде ұйқыға жатқан әйелді екі адам жабылып зорлады

Полиция мұндай оқиғаның болғанын растап, қазіргі таңда күдіктіні ұстау іс-шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"5 сәуірде Петропавл полициясы басқармасына 19 жастағы облыс орталығының тұрғыны хабарласты. Ол кешкі сағат 20 шамасында белгісіз ер адам үйінің кіреберісінде пышақпен қорқытып, тап бергенін айтты. Шуды естіген көршісі пәтерінен шыққан, содан кейін белгісіз ер адам қашып кеткен", - деп хабарлады полиция басқармасы.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде қолданушылар дәл сол ер адам қаланың басқа ауданында қызға тап бергенін жазып, балаларды жалғыз қалдырмау керектігін ескертіп жатыр.

Дегенмен облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі құқық қорғау органдарына оған қатысты ешқандай шағым түспегенін атап өтті.  

Тақырып бойынша

Ақтөбеде зорландым деген 20 жастағы келіншектің өзі сотталып кетті   
Шымкентте зейнеткерді зорламақ болған азғын неліктен арам ойынан айнығанын айтты
Ақмола облысында жасөспірімдер зорлықшыдан әйелді арашалап қалды
Көкшетауда жас жігіт түнде серуендеуге шыққан әйелді зорламақ болды
Загрузка...

Басты тақырып