19:28 11 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.15
  • EUR515.06
  • RUB5.61
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (784)
1266 0 0

Жаңа қаулы бойынша Шымкентте карантин шаралары 12-сәуірден 26 сәуірге дейін күшейтіледі

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Шымкент қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Оған сәйкес қалада каратин шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"12 сәуір сағат 00:00-ден 26 сәуір 00:00-ге дейін Шымкентте коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары күшейтілсін", – делінген құжатта.

Құжатқа сәйкес, қала тұрғындары мен қонақтарына бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады (ауызашар, еске алу, туған күн, мерейтой, қоштасу, үйлену тойы, беташар және т.б.).

Ал жасы 65-тен асқан адамдарға қала бойынша жүруге шектеу қойылған.

Сол сияқты қоғамдық көліктерді қоса алғанда, азаматтарға қызметіне рұқсат етілген объектілерге барғанда маска кию мен әлеуметтік арақашықтықты сақтауға және антисептиктерді қолдануға қойылатын талаптарды қатаң сақтау міндеттеледі.

Сондай-ақ кеңсе қызметкерлерінің 50%-ін қашықтықтағы жұмысқа ауыстыру көзделеді.

Азық-түлік пен азық-түлікке жатпайтын базарлардың, жәрмеңкелердің қызметі шектеліп, толу деңгейі 30%-тен аспауы тиіс. Ал қызмет көрсету уақыты жұмыс күндері 06:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері 09:00-ден 17:00-ге дейін.

Банкет залдары мен аквапарктердің, жағажайлардың қызметіне тыйым салынады.

Косметологиялық қызметтерді ұсынатын СПА-орталықтар мен сұлулық салондары алдын ала жазылу бойынша 09:00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді, жексенбіде жұмысы тоқтатылады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда қатаң карантин енгізіле ме?

Кезекші топтарды қоспағанда (20 адамнан аспайтын) балаларды сауықтыру лагерлері мен мектепке дейінгі мекемелердің жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Қаулыда балаларға арналған ойын-сауық орталықтары мен цирктердің жұмысына, сондай-ақ караоке, бильярд, түнгі клубтар мен боулинг орталықтарының қызметі тоқтатылатыны айтылған.

Қаулының толық мәтінімен мына сілтемеге арқылы танысуға болады.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (784)

Тақырып бойынша

Тағы бір облыста карантин күшейтіледі
Неліктен Алматыда елордамен салыстырғанда едәуір қатаң карантин енгізілгені белгілі болды
Елордада мейрамхана мен дәмхана жұмысына шектеу енгізілді
Малдан қауіпті ауру табылған: Қазақстанның батысында карантин енгізілді
Сағынтаев карантин кезінде кәсіпкерлерге қандай көмек көрсетілетінін айтты
Кілт сөздер:
Шымкент, шектеу, карантин
Загрузка...

Басты тақырып