Өңірлер

Қарағанды облысы "қызыл аймаққа" өтті

© Sputnik / Абзал КалиевҚарағанды қаласы
Қарағанды қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2021
Жазылу
Осылайша алты облыс пен республикалық маңызы бар екі қала коронавирус таралу көрсеткіші бойынша "қызыл аймақта" тұр

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2021 жылдың 7 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

Алдыңғы күнмен салыстырғанда Қарағанды облысы "қызыл аймаққа" өтті. Бұған дейін хабарлағандай, аудан орталығынан 100 километр қашықтықта орналасқан Алғабас аулында вирус жұқтырғандар саны күрт артқан. Мұндағы 250 тұрғынның 30-ынан коронавирус табылған.

  • "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облысы.
  • "Сары" аймақта: Шымкент қаласы.
  • "Жасыл" аймақта: қалған барлық өңір.

Өткен тәулікте Қазақстанда 2 080 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. 27 адам коронавирустан көз жұмды және 4 азамат коронавирус белгісі бар пневмониядан қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда COVID-19 өршіді: ауруханаларда төсек-орын саны көбейтіледі

Жаңалықтар
0