04:03 12 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.15
  • EUR515.06
  • RUB5.61
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
45 0 0

Қазандық салынғанымен оның жылуы қолжетімсіз екенін білген жұрттың билікке өкпесі қара қазандай

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысының атышулы Шахан кентінде қазандық дауы бітер емес. Тұрғындар жылу орталығы енді іске қосылады-ау дегенде, оның ақысын қалталары көтермейтінін білген. Әр пәтерге жылу жеткізу үшін мердігерлер 200 мыңнан 500 мың теңгеге дейін сұраған. Ал қарапайым халық бұл соманы қайдан табарын білмейді, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Алпысты алқымдаған Юрий Алкин 30 жыл шахтада жұмыс істеген. Жылдар бойы пеш жағып, баспанасын жылытып жүр. Қазандық салынып, оған қосыламыз деп жүргенде, орталықтан тараған жылуды баспанасына тарту үшін 500 мың теңге төлеуі керек екенін білген. Зейнеткер қомақты қаржыны қайдан аларын білмейді.

"500 мың теңгені тауып бере алмайтыным анық. Алатыным 90 мың. Мен өмір бойы өз күшіме ғана сенген адаммын. Соншама ақшаны жинау мен үшін мүмкін емес", – дейді Шахан кентінің тұрғыны.

Осылайша қазандық салынғанымен оның жылуы қолжетімсіз екенін білген жұрттың билікке өкпесі қара қазандай. Бұған дейін шенеуніктер әр пәтерге жылу тарту үшін 200 мың теңгеден 500 жүз мың теңгеге дейін ақша төлейтіндерін айтқан. Шахандықтар бұл соманы халықтың қалтасы көтермейтінін алға тартады.

"235 мыңнан 500 мыңға дейін деген не сұмдық. Бәрінде 4-5 баладан бар. Енді не істейік? Үкімет қайда қарап отыр? Тұрғындардың жартысы төлей алмайды", – жергілікті тұрғын Ақмарал Ахметова.

Билік өкілдерінің айтуынша, аты шулы қазандық 2 млрд теңгедей қаражатқа салынған. Кенттегі 11 әлеуметтік нысан оған тегін қосылады. Ал қалған жүзге жуық үй тұрғындары орталық қазандықтан жылуды өз күшімен тартып алуы тиіс. Бұл шығынды үкімет көтере алмайды.

"Үкімет өз ақшасына үйдің ішіне істеп бере алмайды. Міне, қазандық салып, жылу желісін тартып жатыр. Бәрі дайын болғанда үйіне дейін кіргізіп, қосып береміз. Яғни, қосып беру ақшасы сонша шықты. Сонымен қатар, демеушілер де іздеп жатырмыз. Расында да қиын жағдайдағы отбасыларға көмектесеміз", – дейді кент әкімі Ғалым Өмірбеков.

Оқи отырыңыз: Қай қала тұрғындары жылу үшін ең көп ақша төлейді

Еске салсақ, осыдан 4 жыл бұрын Шахан кентіндегі көпқабатты үйдің жертөлесіндегі қазандық жарылған еді. Салдарынан үйдің бүкіл бір кіреберісі құлап, 9 адам қаза тапқан. Оның үшеуі бала. Төтенше жағдайдан 14 баспана бүлінген болатын. Осыдан кейін ғана 15 жыл бойы шешілмеген қазандық салу мәселесі алға жылжыған. Алайда оның жылуына тұрғындар қашан қол жеткізері белгісіз.

Тақырып бойынша

Шахан ауылындағы бес қабатты үйдің құлауынан екі адам аман қалды
Шахан кентіндегі оқиғаға орай жергілікті деңгейдегі ТЖ жарияланды
Екі есе ақыны не үшін төлейміз: елорда тұрғындары жылу бағасына наразылық білдірді
Ақтауда жылу құбыры жүргізілген құдықтан ер адамның мәйіті табылды
Шахан мен Шахтинсктің бес басшысы қызметте әрекетсіздік танытты деген күдікке ілінді
Кілт сөздер:
жылу желісі, Қарағанды облысы
Загрузка...

Басты тақырып