21:20 18 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.39
  • EUR515.52
  • RUB5.68
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
75 0 0

Алдын ала мәлімет бойынша, көліктің қозғалтқышы істен шыққан, салонда жүргізушінің жұбайы мен емшектегі баласы болған

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір — Sputnik. Ақмола жол полицейлері көлігі бұзылып, жолда қалған отбасыға көмек көрсетті, деп хабарлады Polisia.kz.

Анықталғандай, осы жылдың 2 сәуірінде патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторлары Жанат Бейбіт пен Дастан Төлемісов "Көкшетау-Омбы" автожолының 48-шақырымында "Volkswagen Passat" автокөлігін байқаған, оның капоты ашық тұрған.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда екі полицей өртеніп жатқан автобустан 51 адамды құтқарып қалды 

Алдын ала мәлімет бойынша, көліктің қозғалтқышы істен шыққан, автокөлікте жүргізушінің жұбайы мен емшектегі баласы болған.

Ер адамның айтуынша, ол біраз уақыт бойы көлік тоқтатуға тырысқан, бірақ жүргізушілерден көмек болмаған.

Полиция қызметкерлері оларды жол-жөнекей кетіп бара жатқан автокөлікке отырғызды. Кейін бұзылған автокөлікті тіркеп, Көкшетау қаласындағы үйіне дейін жеткізді.

Загрузка...

Басты тақырып