19:15 11 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.15
  • EUR515.06
  • RUB5.61
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
7271 0 0

Тәрбиеші жұмыстан уақытша шеттетілді. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

АЛМАТЫ, 6 сәуір – Sputnik. Атырау облысында балабақшада қызды шашынан сүйреген тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Әлеуметтік желіде балабақшада болған жағдайдың видеосы тарады. Ол жерде тәрбиеші қыздың шашын жинап беру үшін оған жақындайды. Содан қыздың басынан ұрады. Баланың шашын ұстаған күйі артындағы орындыққа отыруға икемделіп, қызды соған дейін сүйрейді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚҰДАЙҚҰЛ БАҒДАУЛЕТ (@bake_bloger)

Жергілікті ATPress басылымының хабарлауынша, оқиға 29 наурызда Құлсары қаласының Жаңа Қаратон ауылындағы "Балдырған" балабақшасында болған.

Атырау облысы білім басқармасының хабарлауынша, тәрбиеші уақытша жұмыстан шеттетілді.

"Аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаны тергеу үшін комиссия құрылды, оған барлық құзыретті органдардың өкілдері, оның ішінде білім басқармасының мамандары кірді. Тәрбиеші жұмыстан уақытша шеттетілді", - деді Атырау облысы білім басқармасының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова. 

Сонымен қатар Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жылыой аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл бап бойынша белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыру қарастырылған. Немесе 160 айлық есептік көрсеткішке (466 720 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы көзделген.

Кілт сөздер:
видео, балабақша, Атырау облысы
Загрузка...

Басты тақырып