Өңірлер

"Іріңдеген жараны гипспен бекітіп тастады": ауыл тұрғыны дәрігерлерге шағымданды

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуОперация, архивтегі сурет
Операция, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2021
Жазылу
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, бұл мәселеге қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Павлодар облысында ауыл тұрғыны отадан кейін жарасы жазылмай жатып ауруханадан шығуға мәжбүр болған. Ал оның Железин ауданындағы үйі қаладан 200 шақырым қашықта орналасқан.

Науқастың қызы анасының жағдайына алаңдаушылық білдіріп, әлеуметтік желідегі zhalobu_pavlodar парақшасында жазба жариялап, дәлел ретінде суретін де салды.

"Дәрігер біздің Павлодардан 200 шақырым жерде тұратынымызды және бізде хирург емес, фельдшер ғана бар екенін біле тұра үйге шығарды. Тіпті, операция жасалған тұстың тігісі жазылуы былай тұрсын, ол жер іріңдей бастағанын да көрді. Дәрігерлер бір ауыз сөз айтпай дәкені тігістің ішіне салып, гипспен бекітіп, үйге жіберді", – деп жазды ол.

Бұл жазбаға бей-жай қарамаған желі қолданушыларының бірі жанашырлық танытып, кеңес берсе, енді бірі өз қызметіне салғырт қараған дәрігерлерге шара қолдану қажеттігін ескерткен.

Шағымға Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы жауап берді.

Ведомство өкілдері "бұл мәселеге қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі" деп атап өтті. 

Оқи отырыңыз: "Қазақстан халқы жиі ішеді": шетелдік дәрігер ыстық шайдың зиянын айтты

Сондай-ақ Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасы да шағымға қатысты тиісті шаралар қабылданатынын хабарлады.

Жаңалықтар
0