Өңірлер

Цой "қызыл" аймақта тұрған өңірлер туралы айтты

© Sputnik / Владислав ВодневЕскерту белгісі
Ескерту белгісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2021
Жазылу
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, ақпан айымен салыстырғанда наурызда аурудың таралуы 30 процентке өскен

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа Қазақстанның жеті бірдей өңірі кірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"6 сәуірдегі жағдай бойынша "қызыл" аймақта жеті өңір тұр: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақтөбе жне Ақмола облыстары", – деді денсаулық сақтау министр Алексей Цой үкімет отырысында.

Айтуынша, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының "қызыл" аймақта тұрғанына 28 күн болды.

Батыс Қазақстан – 20 күн, Атырау облысы – соңғы екі апта бойы, Ақтөбе мен Алматы облыстары соңғы аптада кірсе, Ақмола облысы бір күн тұр.

"Сары" аймақта екі өңір – Шымкент және Қарағанды облысы орналасқан.

Қалғандары – "жасыл" аймақта.

Цой ақпан айымен салыстырғанда наурызда аурудың таралуы 30 процентке өскенін атап өтті. Сәуірдің бес күні ішінде тәулігіне вирус жұқтырған екі мыңға дейін адам тіркелуде.

Оқи отырыңыз: Цой коронавирустың таралуына қатысты болжам жасады

Министр індеттің өршуі коронавирустың жаңа штаммдарының таралуымен байланысты екенін айтты. Осыған байланысты ол өңір әкімдері ауруханаларды төсек-орындармен және алғашқы медициналық көмектің мобильді бригадаларымен қамтамасыз етуі қажет екенін ескертті.

Жаңалықтар
0