Өңірлер

2021 жылы Алматыда қанша адам екінші рет коронавирус жұқтырды

© AP Photo / David GoldmanМедсестра в защитном костюме идет по коридору больницы с коронавирусом
Медсестра в защитном костюме идет по коридору больницы с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2021
Жазылу
Бекшин адам ауырған соң 6-7 айдан кейін ағзада антиденелер қалмайтынын айтты. Дәл сол уақытта коронавирусқа қарсы вакцина салуға болады   

АЛМАТЫ, 5 сәуір – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифингте қалада қанша адамның екінші рет коронавирус инфекциясын жұқтырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өткен жылы мұндай 4 жағдай болды, биыл 17 жағдай тіркелді. Екінші рет ауырып қалған науқасты жүйеге тіркеген кезде жүйе қабылдамайды. Себебі ол шілдеде ауырғанын көрсетіп тұрады. Адамдардың екінші рет ауырғанын осылай анықтап жатырмыз", - деді Бекшин.

Оның айтуынша, науқастың екінші рет ауырғанын анықтау қиын. Оның сөзінше, жыл басталғалы 17 адамның қайта ауырғанын көп деуге келмейді. Олардың басым бөлігі аурудың симптомсыз немесе жеңіл түрімен ауырған. 

Сонымен қатар Бекшин адам ауырған соң 6-7 айдан кейін науқаста антиденелер қалмайтынын айтты. Дәл сол уақытта коронавирусқа қарсы вакцина салуға болады.

"Менде антидене қалмады. Менің әріптестерімде де солай. Ол үшін қаннан анализ алу қажет. 6-7 айдан кейін вакцина салуға болады. Бұл жағдайда вирустың қашан енгенін немесе созылмалы екенін анықтау қиын", - деді Бекшин.

Жаңалықтар
0