Өңірлер

Жаздағыдай жылы болады: синоптиктер ауа райына болжам жасады

© AFP 2024 / ABDUL MAJEEDКөктем, архивтегі сурет
Көктем, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2021
Жазылу
Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, шаңды дауыл көтеріледі деп болжап отыр синоптиктер

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Қазгидромет 6-8 сәуір аралығындағы ауа райына болжам ұсынды. Оған сәйкес, елдің кейбір өңірлерінде күн жаздағыдай жылы болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның солтүстік жартысында Солтүстік-Батыс циклонының әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауады, кей жерлерде көктайғақ, батыста найғазай ойнап, тіпті бұршақ түсуі мүмкін.

"Елдің оңтүстік жартысында жауын-шашын айтарлықтай тоқтайды. Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл байқалады. Оңтүстік-батыс пен оңтүстікте жаздағыдай жылы болады", - дейді Қазгидромет.

Мегаполистердегі ауа райы

  • Нұр-Сұлтанда 6 сәуірде күн ала бұлтты, түнде +1°C, күндіз +3°C.
  • Алматыда да күн бұлтты, түнде +7°C, күндіз +12°C.
  • Шымкентте күн ашық, жауын-шашынсыз, түнде +5°C, күндіз +17°C.
Жаңалықтар
0