Өңірлер

Ақмола облысында 122 миллион теңгеге алтын ұрланды: полиция екі адамды ұстады

© Sputnik / Редлих / Медиабанкке өтуЗолотой песок, архивное фото
Золотой песок, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2021
Жазылу
Аса ірі көлемдегі ұрлық үшін күдіктілер бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір— Sputnik. Ақмола облысының полициясы "Қазақалтын" кәсіпорнынан 122 миллион теңгеге алтын ұрлады деген күдікпен екі адамды ұстады.

Жалпы сомасы 122 миллион теңгеге бағаланған алтынды ұрлағандарды анықтау мақсатында арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Оның құрамына криминалдық полиция және тергеу органдары қызметкерлері кірді, деп хабарлайды Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция 300-ге жуақ адамнан жауап алған. Жолымбет ауылында, кәсіпорын алаңдарында орналасқан бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеді.  

Нәтижесінде 26 және 34 жастағы ауыл тұрғындары күдікке ілінді. Олардың екеуі де "Қазақалтын" АҚ-ның қызметкерлері. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қаскүнемдер ұрлықты алты ай бұрын жоспарлаған.

"Қазіргі уақытта күдіктілер өз кінәсін мойындады. Фабрикадан ұрланған катодтық алтын сол көлемде табылды. Заттай айғақтар қылмысқа қатысушының бірінің туысына тиесілі пәтерден алынды", - деп хабарлады полиция департаменті.  

Естеріңізге салсақ, полиция қылмыстық кодекстің 188-бабының төртінші бөлігі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Кінәлілер бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Қазақалтыннан" 122 миллион теңгеге алтын ұрланды

2 наурызға қараған түні Ақмола облысы Шортанды ауданының полиция бөліміне Жолымбет ауылындағы "Қазақалтын" АҚ кенішінің қоймасынан белгісіз біреулер катодты алтын ұрлап кеткені туралы хабарлама түсті.

Қылмыстық әрекет салдарынан кәсіпорынға аса ірі көлемде шығын келтірілді. Шығынның жалпы көлемі 122 миллион теңгені құрады.

Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілді.

Жаңалықтар
0