15:19 18 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD427.41
  • EUR519.47
  • RUB5.78
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
6531 0 0

Ділдә Нұғыманованы іздеу шараларына полицейлермен бірге Қызылорда облысы мен Алматы облысының еріктілері атсалысуда

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Қызылорда облысының полициясы "Атамекен" балалар ауылының 17 жастағы тәрбиеленушісі Ділдә Нұғыманованы он күннен бері іздестіріп жатыр. Ал онымен бірге кеткен екі құрбысы Алматы қаласынан табылды.

"Қызылорда қаласындағы "Атамекен" балалар ауылының тәрбиеленушісі 17 жасар Ділдә Мұсабекқызы Нұғыманова түнгі сағат екі шамасында белгісіз бағытта кетіп, қайтып оралмады", – деп хабарлады Қызылорда облысының криминалдық полиция басқармасының мамандары.

Полицейлер Ділдаға қатысты қандай да бір ақпарат білгендер болса, мына нөмірлер бойынша хабарлауды сұрайды: 8 (7242) -29-70-10, 8 (7242) -29-75-20, 8 (7242) ) -29-75 -02, 8-705-255-81-25.

Бойжеткеннің негізгі белгілері: бойы 175 сантиметр, қара түсті шашы иығына дейін және сарғыштау кекілі бар. Үстіне қара күртеше мен көк джинсы шалбар және ақ түсті спорттық аяқ киім киген.

Айта кетейік, Ділдә Нұғыманова 25 наурызда түнде балалар ауылынан екі құрбысымен бірге кетіп қалған. Оларға іздеу жарияланып, бірнеше күннен кейін Люба Нестеренко мен Рано Сабанқұлова Алматыдан табылды. Алайда, олар Алматыға бірге келгенімен, оның нақты қай жерде екенін айта алмады.

Ділдә Нұғыманованы іздеу шараларына полицейлермен бірге Қызылорда облысы мен Алматы облысының қоғам белсенділері әрі еріктілері атсалысуда. Бірақ әзірге нәтиже жоқ.

Белсенділердің бірі Майя Жомарт әлеуметтік желідегі парақшасында: "Ділдә Нұғыманованы іздеу жалғасуда", – деп жазды.

Оқи отырыңыз: Жиырма жыл бұрын жоғалған қыз ата-анасымен қауышты – видео

Оның айтуынша, тергеу мүддесі үшін барлық мүмкіншіліктер жасалып жатыр. Сондай-ақ, бұл іске барлық мүделі мекемелер жұмылдырылған.

Тақырып бойынша

Интернетте танысқан жігітпен кездескен: Алматыда үш күн бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Ойын-сауық орталығында болған: Алматыда төрт күн бұрын жоғалған қыз табылды
Шымкентте жоғалған қыз Алматы облысынан табылды
"Жертөледе есімді жидым": Павлодарда жоғалған 12 жасар қыз табылды
Полиция Қызылордада жоғалған 16 жастағы қыз туралы ақпарат жариялады
Кілт сөздер:
Қызылорда, із-түзсіз жоғалу
Загрузка...

Басты тақырып