Өңірлер

Алматыда қай сауда орталықтарында вакцина салынатын кабинеттер ашылады  

© AP Photo / David ZalubowskiШприцы с вакциной от коронавируса
Шприцы с вакциной от  коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2021
Жазылу
Алматыға вакцина жеткізу мәселесі шешілді. Қалаға вакцинаның көп дозасы жеткізіледі, содан кейін жаппай вакциналау басталады

АЛМАТЫ, 2 сәуір – Sputnik. Алматы денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лаура Мырзағали қаладағы сауда және ойын-сауық орталықтарында 31 егу кабинеті ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

  • Бостандық ауданында – "АДК", "Алматы Мега центр", "Есентай молл", "Форум", "Атакент молл";
  • Алатау ауданында – "Бақорда";
  • Әуезов ауданында – "Спутник", "Гранд парк", "Москва", "Asia park";
  • Жетісу ауданында – "Максима", "Мерей", "Адем";
  • Медеу ауданында – "Достық плаза", "ГУМ";
  • Түрксіб ауданында "Март" сауда орталығында егу кабинеттері ашылады.

Сондай-ақ Лаура Мырзағали Алматыда халықты жаппай вакциналау қашан басталатынын айтып берді.

"Вакцинаны жеткізу мәселесі шешілді. Алматыға вакцинаның көп дозасы жеткізіледі, содан кейін жаппай вакциналауды бастаймыз. Жаппай вакциналау вакцинаның ірі көлемі жеткізілген кезде қолға алынады", - деді Мырзағали.

Айта кетейік, бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев енді Алматыға ай сайын 250 мың доза вакцина түсетінін айтты.  Қазірдің өзінде бір күнде 21 750 доза жеткізіліп, емханаларға жіберілді.

Жаңалықтар
0