Өңірлер

Павлодарда "Жұмабектің бажасы" ұсталды – видео

© Sputnik / Абзал КалиевПолиция көлігі
Полиция көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2021
Жазылу
Полицейлердің айтуынша, көлік жүргізушісі автомобиль нөмірінің орнына "Жұмабектің бажасы" деп жазып қойған

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Павлодар қаласының полицейлері мемлекеттік тіркеу нөмірінің орнына көліктің артына "Жұмабектің бажасымын" деп жазған көлік жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, 1 сәуір күні Назарбаев даңғылында "ВАЗ 2170" маркалы көлік тоқтатылды. Оның артқы жағында мемлекеттік тіркеу нөмірі болмады. Көлік жүргізушісі автомобиль нөмірінің орнына "Жұмабектің бажасы" деп жазып қойған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Полицейлер әзілкеш көлік иесіне айыппұл салды. 

"Жүргізушінің көтеріңкі көңіл-күйіне қарамастан, полицейлер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы, 2-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырыды. Көлік иесіне 10 айлық есептік көрсеткіш (29 170 теңге – Sputnik) көлемінде айыппұл салынды. Ал автомобиль айыппұл тұрағына қойылды", – дейді полиция басқармасының бастығы Данияр Бек.

Оның айтуынша, заң барлығына ортақ. Ал жолда кішігірім бұзушылықтарды да жасауға болмайды.

"Жыл басынан бері Павлодар қаласында әртүрлі бұзушылықтарға байланысты 535 көлік айыппұл тұрағына тоғытылды", – деп атап көрсетті Бек.

Оқи отырыңыз: Полициядан қорықпайтын шымкенттік жүргізуші видеосы: Жұмабектің кім екені анықталды

Жаңалықтар
0