Өңірлер

Таразда той кортежі жол ережесін өрескел бұзды – видео

© Sputnik / Александр АльтманСвадебный кортеж
Свадебный кортеж - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2021
Жазылу
Тараз полицейлері той кортежіндегі көліктердің жүргізушілері көптеген жол ережесін бұзғанын анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Таразда көптеген жол ережесін бұзған той кортежі бейнебақылау камераларына түсіп қалды.

Төрт жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға қатысты бес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, деп хабарлады Polisia.kz.

Lada 211440 автокөлігінің жүргізушісіне апатты жағдай туғызғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 606-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Audi A6 жүргізушісі жаяу жүргіншілерге немесе басқа жол қозғалысына қатысушыларға жол беру ережесін сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Тағы бір жүргізуші жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін айыппұл төлейді, өйткені оның жолаушылары көлік жүріп бара жатқанда автокөліктің терезесінен басын шығарған.

Mercedes-Benz E350 жүргізушісіне маневр жасау ережесін бұзғаны және жол белгілерінде көрсетілген талаптарды сақтамағаны үшін хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, полицейлер Mercedes, ВАЗ 21074 және Toyota жүргізушілерінің бұрылу кезінде тұтас қос сызықты кесіп өткенін анықтады. Бұл құқық бұзушылықты жасағандар алты айға жүргізуші куәлігінен айырылады.

Сондай-ақ ВАЗ 21144 және BMW жүргізушілері алдыңғы бүйір әйнектеріне тонировка жасап алған, ереже бұзушылар айыппұл төлейді.

 

Жаңалықтар
0