Өңірлер

"Жеңгесі сарайдан тауып алған": Өрт сөндірушіні не үшін өлтіргені белгілі болды

© Sputnik / Абзал КалиевДрака, иллюстративное фото
Драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2021
Жазылу
Полицияның хабарлауынша, жанжалға жергілікті тұрғынның көлікті өрт сөндіру бекетінің жанына тастап кетуі себеп болуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір — Sputnik. Батыс Қазақстан облысының полиция бөлімінде қаза болған өрт сөндіру бөлімінің  басшысы мен жергілікті тұрғын арасындағы жанжалдың алдын ала себебі жарияланды. Тергеушілердің айтуынша, өрт сөндіруші ескерту жасағаннан кейін оны ауыл тұрғыны соққыға жыққан. 

Батыс Қазақстан облысының Қарауылтөбе ауылындағы өрт сөндіру бөлімі басшысының көз жұмғаны 26 наурызда белгілі болды. Ол ағасының сарайынан табылған кезде тірі еді. Алайда келесі күні алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.    

Полицияның хабарлауынша, жанжалға жергілікті тұрғынның көлікті өрт сөндіру бекетінің жанына тастап кетуі себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды "Мой Город" өңірлік басылымы.

"№27 өрт сөндіру бекетінің басшысы ауылдасының үйіне барып, көлігін өрт сөндіру бекетінің аумағына қоймауын ескертеді. Олар сөзге келіп қалып, өрт сөндіруші үйіне кетеді. Алайда күдікті ішімдік ішкеннен кейін өрт сөндіру бекетіне барады. Ол жерде бөлімнің екі қызметкері болған. Күдікті бөлім басшысын шақыруды талап етеді. Бөлім басшысы келгенде ер адам оған жұдырығын ала жүгірген" – дейді Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің өкілі Болатбек Белгібеков.

Полицияның дерегі бойынша, сол кезде араларында төбелес басталып, кейін екеуі де өрт сөндіру бекетінің аумағынан кеткен.

"Келесі күні өрт сөндіру бөлімінің басшысын сарайдан ағасының әйелі тауып алады. Ер адам тірі болғанымен, қатты соққыға жығылған еді. Туыстары дереу жедел жәрдем шақырады. Өкінішке орай, дәрігерлер оны құтқара алмады. 27 наурызда Ақжайық ауруханасының хирургиялық бөлімінде алған жарақатынан қайтыс болды", - деді Белгібеков.

Күдікті ұсталды, қазір қамауда отыр. Ол Қылмыстық кодекстің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" бойынша айыпталуда.

Өрт сөндіруші қайтыс болғаннан кейін іс Қылмыстық кодекстің 106-бабының үшінші бөлігіне (Абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) ауыстырылды.  Күдікті сегіз жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ұсталған ауыл тұрғыны бұған дейін сотталған. Марқұмның артында үш баласы қалды.

Жаңалықтар
0