Өңірлер

"Үйіме жетіп алайын": Алматы облысында әйел ойламаған жерден түрмеге қамалды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуРөлдегі әйел, архивтегі сурет
Рөлдегі әйел, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2021
Жазылу
Әкімшілік сот шешімімен әйел 15 тәулікке қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды

АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. Алматы облысында көлікті мас күйінде жүргізген әйел 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Polisia.kz ақпаратына сәйкес, Ескелді ауданының Бақтыбай кентінде патрульдік полиция Lada Vesta автокөлігінің қозғалысына назар аударған.

"Полиция көлікті тоқтатқан кезде рөлде мас әйелдің отырғанын анықтады. Кейін куәландыру оның орташа деңгейде мас екенін растады", – деді Ескелді аудандық ПБ бастығы Қайрат Баймұханов.

Көлік тізгінінде 40 жастағы тұрғын болған. Жанында жас бала бар. Полиция тоқтатқан кезде әйел "үйіме тәп-тәуір жетіп аламын", "мен асықпай жүремін" дейді.

Автокөлік жүргізшісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқару) бойынша әкімшілік іс қозғалды, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Оқи отырыңыз: Алпыс жыл бойы көлік айдайтын жүргізуші рекордтар кітабына енді

Әкімшілік соттың шешімімен әйел 15 тәулікке қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Жаңалықтар
0