Өңірлер

Неліктен Алматыда елордамен салыстырғанда едәуір қатаң карантин енгізілгені белгілі болды

© Sputnik / Тимур БатыршинМедики проводят дезинфекцию в госпитале с коронавирусом в Алматы
Медики проводят дезинфекцию в госпитале с коронавирусом в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2021
Жазылу
Алматыда жағдай 3 наурыздан бастап ушықты, ал Нұр-Сұлтанда 20 наурыздан бастап науқастар саны өсті, дейді Бекшин

АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада не себепті Нұр-Сұлтанмен салыстырғанда едәуір қатаң шаралар қабылданып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.   

Айта кетейік, Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың тараулы бойынша "қызыл" аймақта тұр.  

"Бізде неге қатаң шаралар қабылданып жатыр? Себебі Алматыда жағдай 3 наурыздан бастап ушықты, ал Нұр-Сұлтанда 20 наурыздан бастап науқастар саны өсті. Біз қазір мутацияланған штамдардың бар екенін білеміз. Оны өткен аптада анықтадық. Зерттеу британдық және оңтүстік африкалық штамм бар екенін көрсетті. Салдарынан бізде науқастар саны артып отыр. Соған байланысты мейлінше қатаң шаралар қабылдадық", - деді Бекшин.

Оның сөзінше, Нұр-Сұлтанда жаңа екі штамм анықталған жоқ. Зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз: Жандарбек Бекшин Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайға баға берді 

Айта кетейік, Алматыда 29 наурызда 545 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, Нұр-Сұлтан қаласында 204 науқас тіркелді.

Жаңалықтар
0