Өңірлер

"100 миллион теңгеге бағаланады": Семейде ірі көлемде есірткі партиясы тәркіленді – видео

© Photo : Министерство внутренних дел Республики КазахстанМарихуана
Марихуана - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2021
Жазылу
Қазіргі кезде қамауға алынған күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады

АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі заттарын тәркіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің және криминалдық полиция қызметкерлері ЖҚАЖ жауынгерлерімен бірлесіп Семейде ауқымды операция өткізді. Тінту барысында жедел уәкілдер аса ірі көлемде 1,5 центнерден астам кептірілген марихуана мен 10 келі гашиш сияқты есірткі заттарын тәркіледі. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Жедел іс-шара барысында 44 жастағы Семей тұрғынының каннабис тобына жататын есірткі затының аса ірі партиясын сақтағаны анықталды.

"Оның гаражынан 153 келіден астам марихуана мен 10 келі гашиш тәркіленді. Есірткі заттары бір реттік дозасының саны 32 мыңнан асты. Бұлардың "қара нарықтағы" бағасы 100 миллион теңгеге бағаланады", – дейді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Қазіргі кезде күдікті қамауға алынып, қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі ("есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда оқушыларға дәрілік есірткі сатқан 101 дәріхана басшысы жауапқа тартылды

Ал аталған бап бойынша кінәліге мүлкін тәркілеп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Жаңалықтар
0