Өңірлер

Батыс Қазақстанда Рамазан айында ауызашар өткізуге тыйым салынды

© AP Photo / Pavel RahmanҚыз су ішіп тұр
Қыз су ішіп тұр - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2021
Жазылу
Мешіттер мен шіркеулер жұмыс істей береді, бірақ онда ұжымдық шараларды өткізуге тыйым салынады, қаулы 1 сәуірде күшіне енеді

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулы қабылданды. Оған сәйкес, Рамазан айында ұжымдық ауызашар өткізуге тыйым салынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері жаңа қаулы қабылдады. Құжатқа сәйкес, діни нысандарға (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және тағы басқа) залды 30%-ке ғана толтырып жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Жұма намазы, діни жоралар сияқты бұқаралық шараларға тыйым салынады.

"Қасиетті Рамазан айында бірге тұратын отбасы мүшелерінің арасындағы ауызашарды қоспағанда, ұжымдық ауызашар өткізуге тыйым салынады", - делінген қаулыда.

Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану орындары жұмыс күндері сағат 9:00-ден 22.00-ге дейін істейді. Демалыс күндері тамақты жеткізу және өзімен бірге алып кету қызметін ғана көрсетеді.  

Фудкорттарға тамақты тек жеткізу және алып кету қызметіне рұқсат етілді.

Оқушылар қалай оқиды

Орал қаласы, Бөрлі, Бәйтерек аудандарында контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде сыныптарда бала санын 15-тен асырмай дәстүрлі форматта оқытуды қоспағанда, контингенті 300 оқушыға дейінгі ауылдық мектептерде сыныптарда бала санын 25 оқушыдан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат етіледі.

Сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға да рұқсат етіліп отыр.

Тағы оқыңыз: Қазақстан "қызыл" аймаққа кірді

Жалпы білім беретін мектептерде мектепалды сыныптардың оқушылары, 1-5-сыныптар, халықаралық мектептерде 1-7-сыныптар аралас форматта оқиды. Сыныптарда бала саны 25 адамнан аспауы тиіс.

Оқу бітіретін 9, 11 (12) сынып оқушылары аптаның 6 күні аралас форматта оқиды: пәндердің 70%-ін штаттық режимде, 30%-ін қашықтан. Сыныпта оқушылар саны 15-тен аспауы керек, "1 сынып – 1 кабинет" қағидаты сақталады.

Колледждер мен жоғары оқу орындарының 1 курс студенттері аралас форматқа көшіріледі.

Қаулы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.

Жаңалықтар
0