Өңірлер

Түркістан облысында адамға шабуылдайтын жыртқыш аңға қатысты әкімдік ақпарат таратты

© Photo : MeHeИт
Ит - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2021
Жазылу
Аудиохабарламада жыртқыш жануардың Сарыағаш пен Жетісай және Шардара маңында көбейіп кеткені айтылады

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Соңғы күндері Түркістан облысының аумағында белгісіз жыртқыш жануар адамдарға шабуыл жасап жатыр деген хабарлама WhatsApp мессенджерінде кең тарады. Бұл ақпаратты облыс әкімдігінің баспасөз қызметі теріске шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Аудиохабарлама ретінде таралған ақпаратпен бірге құлағы ұзын әрі аузы қанға боялған итке ұқсас жануардың мойнына шынжыр салынған суреті қоса тарады, деп жазады Stopfake.kz.

Ал аудиохабарламада мұндай жануардың Сарыағаш пен Жетісай және Шардара маңында көбейіп кеткені айтылады. Сонымен қатар, жабайы аңның шабуылынан адамдарды сақтануға шақырады.

"Бұл жалған ақпарат және мұндай деректің біздің өңірге ешқандай қатысы жоқ екенін растаймыз", – делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін ол Үндістан мен Пәкістанда және Латын Америкасында жалған ақпарат ретінде кеңінен тараған.

Жыртқыш жануар санатына жататын қоңыр қорқау деп аталады. Негізінен Оңтүстік Африканың теңізге жақын жағалауындағы шөлді аймақта тіршілік етеді. Олар өлекселер мен теңіз қалдықтарымен қоректенеді.

Оқи отырыңыз: Не себепті мұндай жалған ақпарат тарағанын білмеймін – Бекшин

Ал Қазақстанда мүлдем кездеспейді.

Жаңалықтар
0