14:48 18 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD427.41
  • EUR519.47
  • RUB5.78
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
180 0 0

Күдіктілерді ұстау бойынша Қостанай мен Жамбыл облысының және астанадалық полицияның жеті тобы бір мезгілде жұмыс істеді

АЛМАТЫ, 29 наурыз – Sputnik. Қостанайлық жедел уәкілдер есірткі жеткізетін бір топ адамның жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай полицейлері 22 наурызда елдің әр өңірінде Қазақстанның оңтүстік өңірінен Қостанай облысына және елордаға гашиш пен марихуананың көтерме партияларын жеткізуді және өткізуді ұйымдастырумен айналысатын қылмыстық топ мүшелерін ұстады.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде іс бойынша бас фигурант – Денисов ауданының 51 жастағы тұрғынын анықталды.

"Ер адам 2021 жылдың қаңтарында 8 адамнан тұратын тұрақты қылмыстық топты ұйымдастырған. Әрқайсының өз рөлі болған. Есірткіні өткізу үшін бес жергілікті тұрғынды осы іске тартқан", – делінген полиция ақпаратында.

Есірткіні Жамбыл облысы Шу ауданының 67 жастағы тұрғыны жеткізген, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны курьер болған. Есірткінің кезекті партиясын тасымалдау кезінде курьерден салмағы 5 келіден асатын гашиш салынған пакет табылды. 

Ұйымдастырушының үйінен гашиштің 26 престелген таблеткасы, сондай-ақ ақша мен банк карталары табылды.

Қылмыстық топ мүшелерінен жалпы салмағы 10 келіден астам гашиш пен марихуана алынды.

Оларды ұстау бойынша Қостанай, Жамбыл облысының және астанада полицияның жеті тобы бір мезгілде жұмыс істеді.

Қазір барлық күдікті қамауға алынып, тергеу жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: "Жетіммін": Алматыда бір күнде 2 миллион 300 мың теңге тапқан ер адам ұсталды

Қостанай облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асылбек Әлмағамбетовтың сөзінше, жыл басынан бері полиция қызметкерлері есірткіге байланысты 130-дан астам қылмыс пен құқықбұзушылықты анықтады. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 17 келіден асады.

Тақырып бойынша

Қазақстанда тәркіленген ең ірі көлемдегі есірткі ісі бойынша сот басталды
100 миллион теңгеге бағаланады: Павлодарда есірткінің ірі партиясы тәркіленді
Павлодарда аса ауыр қылмыс жасаған атасы мен келіні ұсталды
Түркістан облысында марихуана сатқан ерлі-зайыпты ұсталды
Жамбыл облысында малшыдан 9 келі марихуана тәркіленді
Кілт сөздер:
есірткі контрабандасы, есірткі
Загрузка...

Басты тақырып