Өңірлер

Түркістандық шенеунік параға 30 қой аламын деп қызметінен айырылды

© Sputnik / Саид ЦарнаевОвцы
Овцы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2021
Жазылу
Шенеунік Ташкент тас жолының бойында Шымкентке жақын маңда орналасқан жер учаскесіне мемлекеттік акті алуға көмектескен

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Сот 30 қой және 11 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін жолы болмаған шенеунікті қызметінен айырып, миллиондаған теңге айыппұл салды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің телеграм арнасы.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында шенеуніктерді ұстау сәтінің видеосы тарады 

Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім бастығы К. Ташкент тасжолының бойында Шымкент қаласына жақын орналасқан жер учаскесіне мемлекеттік акті алуға көмек көрсеткені үшін пара алды деген күдікке ілінді.

25 наурызда әл-Фараби аудандық сотының үкімімен К.-ға алаяқтық жасағаны үшін 15 миллион 620 мың теңге айыппұл салынды, ол енді өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқара алмайды.  

Жаңалықтар
0