Өңірлер

Петропавлда Лениннің ескерткіші 9 млн теңгеге сатылып жатыр

© AP Photo Ленин ескерткіші, архивтегі сурет
Ленин ескерткіші, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.03.2021
Жазылу
Ескерткіш иесі оны түрлі-түсті металл сынығы ретінде емес, тарихи ескерткіш ретінде сататынын айтты

АЛМАТЫ, 24 наурыз – Sputnik. Петропавлда биіктігі 3,5 метр қоладан соғылған Владимир Ленин ескерткішінің сатылатыны туралы хабарлама OLX сайтында пайда болды, деп хабарлайды "Петропавл жаңалықтары" басылымы.

Ескерткіш иесінің айтуынша, оның салмағы – 1 400 келі.

Басылым ақпаратынша, ескерткіш иесі оны қайдан алғанын айтудан бас тартты. Тек ескерткішті түрлі-түсті металл сынығы ретінде емес, тарихи ескерткіш ретінде сататынын мәлімдеген.

Ленин ескерткішінің бағасы 1 600 000 Т мөлшерінде көрсетілген, бірақ хабарландыру мәтінінде бұл сома рубльмен есептелетіні айтылған. Ұлттық валютаға аударған кезде бұл шамамен 9 миллион теңге.

Тағы оқыңыз: Абай ма, әлде Ленин бе? - Ақмола облысындағы атышулы ескерткіштің тарихы

Ескерткіштің төмен жағында "КСРО көркемсурет қоры, Мытищи көркем құю зауыты" деген жазу бар.

Егер ескерткіш қоладан жасалған болса, онда салмағы 1400 келі ескерткіштің құны түрлі түсті металл сынығы нарығында 2 миллион теңгені құрайды, деп жазады басылым.

Жаңалықтар
0