Өңірлер

Қазақстанның тағы бір облысында карантин күшейді

© AP Photo / Natacha PisarenkoБетперде таққан бала
Бетперде таққан бала  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2021
Жазылу
Ақтөбе облысы коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақта тұр, жаңа қаулы өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданды

АЛМАТЫ, 22 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері карантиндік шараларды күшейтуге қатысты жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Құжатта қаулы өңірде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданғаны айтылған. 22 наурыздағы матрицаға сәйкес, аймақ коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақта тұр.

Қаулыға сәйкес мыналарға тыйым салынады:

  • конференциялар, көрмелер, форумдар, ойын-сауық, сондай-ақ адамдар көп жиналатын отбасылық, салтанатты, мерекелік корпоративтерді, басқа да іс-шараларды өткізуге;
  • ас беруге;
  • ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі және ойын клубтары, боулинг орталықтары, кальян, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары және аттракциондар, батуттар), букмекерлік кеңселердің және лото-клубтардың қызметіне, оның ішінде лотерея ұтыстарына;
  • кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне;
  • бастауыш, орта және негізгі орта деңгейдегі білім беру, орта және жоғарғы оқу ұйымдарындағы асхана жұмысына;
  • банкет залдарының қызметіне;
  • жексенбі күні сауналардың қызметіне.

Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматологиялар алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді.

Қалаларда қоғамдық көлік жұмыс және демалыс күндері штатты режимде жұмыс істейді.

Мектепке дейінгі мекемелерде 20 адамнан аспайтын кезекші топтарға рұқсат берілген.

Тағы оқыңыз: Алматыда – қатаң карантин: Бекшин шұғыл брифинг өткізді

Діни объектілер ашық болады, бірақ ұжымдық іс-шаралар өткізілмейді.

Қоғамдық тамақтану нысандары жұмыс және демалыс күндері сағат 07.00 – 24.00 дейін істейді. Үй-жайлардағы залдардың толымдылығы 50%-ке дейін, орындар саны 50-ден аспауы керек.

Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық, еске алу және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады.

Толымдылығын 20%-тен асырмай, театрлардың, кинотеатрлардың, концерттік залдардың қызметіне рұқсат берілген. Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық және маска режимін, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Жаңалықтар
0