Өңірлер

Қазақстанда жаңа телеарна ашылды

© Photo : Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі"Turkistan" телеарнасы іске қосылды
Turkistan телеарнасы іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2021
Жазылу
Министр телеарна ұжымы аймақтағы мәдениеттің дамуына, облыстың жетістіктерін тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шетелдерде танымал етуге оң әсер етеді деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз – Sputnik. Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз мейрамында "Turkistan" телеарнасы "Отау ТВ" ұлттық спутниктік желісі және кабельдік желілер арқылы қалың көрерменге жол тартты, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Халықаралық "Тurkistan" телеарнасы түркітілдес мемлекеттердің ақпарат кеңістігінде 3 тілде хабар таратады. Сондай-ақ, күн сайын өзекті ақпараттар мен қызықты бағдарламалар, телехикаялар мен деректі фильмдер көрермен назарына ұсынылады.

© Photo : Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі"Turkistan" телеарнасының басқару пульті
Қазақстанда жаңа телеарна ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2021
"Turkistan" телеарнасының басқару пульті

Атап айтқанда, таңғы ақпараттық-сауықтық "Salem" бағдарламасы, "Turkistan times" жаңалықтар топтамасы, "Ғибрат", "Әпсана", "Жан сарайы", "Бетперде" секілді танымдық бағдарламалар бар.

Сонымен қатар, "Turkistan" телеарнасы түркітілдес елдер арасындағы ақпарат алмасу мен бірегей ортақ медиа кеңістік қалыптастыруға алтын көпір болады деген жоспар бар.

Айтулы күнде телеарнаның ашылуымен көрермендер мен арна ұжымын ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева құттықтады. Ол жаңа заманауи медиа орталықта еліміздің талантты мамандары жұмыс жасауға шақырылғанын атап өтті.

"Turkistan" телеарнасы көрермендерді қазақ, түрік және орыс тілінде бауырлас түркі халықтарының тарихымен, мәдениетімен және қазіргі өмірімен таныстырады деп жоспарлануда. Арна ұжымы аймақтағы мәдениеттің дамуына, облыстың жетістіктерін тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шетелдерде танымал етуге оң әсер етеді", – деп жазды Балаева facebook-тегі парақшасында.

Министр өз жазбасында мұның бәрі Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылы Түркістан қаласын облыс орталығы ретінде бекіту туралы тарихи шешімінің арқасында мүмкін болып отырғанын еске салды.

"Осы сәттен бастап қазақ халқының және түркі әлемінің рухани бесігі болып табылатын қала жаңа тарихтың санауын бастады. "Turkistan" телеарнасы көрермендерін мазмұнды және қызықты телевизиялық жобалармен қуанта отырып, аймақтың жаңа шежіресін заманауи және жедел ақпаратпен жүргізетініне сенімдімін", – деді ол.

Оқи отырыңыз: Атырауда журналистер ұсталды - телеарна ресми мәлімдеме жасады

Жаңалықтар
0