Өңірлер

Ақсуда Иманбек Зейкеновті қызыл кілеммен қарсы алды – видео

© Photo : Pavlodarnews.kzОбладатель "Грэмми" Иманбек Зейкенов встретился с молодёжью Аксу
Обладатель Грэмми Иманбек Зейкенов встретился с молодёжью Аксу - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2021
Жазылу
Павлодар облысы әкімдігі тарапынан Иманбекке заманауи жабдықтарға екі миллион теңге табыс етілді. Сондай-ақ  металлургтер қаласының қоғамдық кеңесі тағы бір миллионға сертификат тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. "Грэмми" иегері Иманбек Зейкенов туған қаласына оралғаннан кейін Ақсу жастарымен кездесті. Диджей  өз әсерлері мен шығармашылық жоспарлары туралы айтты, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Ақсу экомектебінде Иманбекке қызыл кілем төселіп, облыс әкімінің Алғыс хаты табыс етілді.

"Бұл жетістік арқылы Павлодар облысында шығармашылығына ешбір  шектеу қойылмайтын нағыз талантты адамдар өмір сүретінін дәлелдедің. Осы жеңіспен шын жүректен құттықтаймын және қол жеткізген жетістіктеріңмен тоқтап қалмауды тілеймін. Алдағы уақытта қызықты әрі табысты карьера күтіп тұрғанына сенімдімін", - деп жазды өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов.

© Photo : Pavlodarnews.kz"Грэмми" иегері Иманбек Зейкенов Ақсу жастарымен кездесті
Ақсуда Иманбек Зейкеновті қызыл кілеммен қарсы алды – видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2021
"Грэмми" иегері Иманбек Зейкенов Ақсу жастарымен кездесті

Облыс әкімдігі тарапынан Иманбекке заманауи жабдықтарға екі миллион теңге табыс етілді. Сондай-ақ  металлургтер қаласының қоғамдық кеңесі тағы бір миллионға сертификат тапсырды.
"Өте қуаныштымын. Өзімнің заманауи техникам бар, сондықтан бұл ақшаны қайырымдылыққа бергім келеді", - деп жауап берді "Грэмми" сыйлығының лауреаты.

Ақсу қаласының әкімі диджейге музыканттың бүркеншік аты күміс жіппен кестелеген шапан мен бас киім кигізді. Қала басшысы музыкантқа ат мінгізуге уәде берді.

© Photo : Pavlodarnews.kz"Грэмми" иегері Иманбек Зейкенов Ақсу жастарымен кездесті
Ақсуда Иманбек Зейкеновті қызыл кілеммен қарсы алды – видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2021
"Грэмми" иегері Иманбек Зейкенов Ақсу жастарымен кездесті

Ақсу жастарының сұрақтарына Иманбек қаладан кетуді жоспарламайтынын және музыкамен жұмыс істеуді жалғастыратынын айтты.  

"Музыкамен жұмыс істеуді жалғастыру жоспарда бар. Мен теміржолдан бір жыл бұрын кетіп қалдым. Ал жастарға келетін болсақ, бұл олар үшін үлкен мотивация деп ойлаймын. Бұл жерде барлығы  сыбайлас деп ойлайды (музыка индустриясында – автор), алайда бұл дұрыс емес, - деді Иманбек. - Коннекторлар туралы (басқа музыканттармен) айтатын болсақ, бұл - керемет, бірақ бұл - менеджменттің жұмысы. Егер мен жай ғана сол Рита Ораға жеке хабарлама жазсам, ол мүмкін жауап бермес еді, мұның бәрі менеджерлер арқылы жасалады".

© Photo : Pavlodarnews.kz"Грэмми" иегері Иманбек Зейкенов Ақсу жастарымен кездесті
Ақсуда Иманбек Зейкеновті қызыл кілеммен қарсы алды – видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2021
"Грэмми" иегері Иманбек Зейкенов Ақсу жастарымен кездесті

Диджей ремиксті кездейсоқ таңдағанын және тәжірибе жасағысы келгенін айтты. Ол номинация бойынша жеңіс туралы алдын ала білмеген, бірақ бір үміт болған.

Эко мектепке Иманбек өзінің Lada Priora көлігімен келді. Диджейге қаланың барлық Priora көліктерін жинап, Назарбаев даңғылымен "Грэмми" мүсіншесін алған кезде жүріп өту ұсынылды.

Иманбек  барлық қазақстандыққа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, Наурыз мерекесімен құттықтады.  

Еске сала кетейік, Америкалық музыка сыйлығының жеңімпаздары 15 наурызда жарияланды. Ақсу қаласының 20 жастағы саунд-продюсері "Үздік ремикс" номинациясында марапатқа ие болды. Imanbek "Грэмми" атағына ие болған алғашқы қазақстандық атанды. Оның трек нұсқасы YouTube-те 145 миллионнан астам қаралды және U. S. Billboard Hot 100 рейтингінің бестігіне кірді. 

Жаңалықтар
0