Өңірлер

Таразға жаңа әкім тағайындалды

© Photo : Официальный сайт министерства труда и социальной защиты КазахстанаПервый вице-министр труда и социальной защиты населения Ержан Жилкибаев
Первый вице-министр труда и социальной защиты населения Ержан Жилкибаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2021
Жазылу
Бұған дейін Ержан Жылқыбаев Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған болатын. Облыс орталығының жаңа әкімін қала активіне аймақ басшысы таныстырды

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз — Sputnik. Таразға жаңа әкім тағайындалды. Бұл қызметті Ержан Жылқыбаев атқаратын болады, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Облыс орталығының жаңа әкімін қала активіне аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев таныстырды.

"Тараз облыс орталығы болғаннан кейін оның дамуы аймақтың дамуына тікелей байланысты. Ержан Жылқыбаев біраз жерде қызмет атқарды, сыннан өтті. Тараздың дамуына бар тәжірибесін салады деп сенемін. Өткен жылы Қордайға көп көңіл бөлінсе, биыл Таразға ерекше назар аударылмақ. Халықтың жағдайын жақсарту, әлеуметтік нысандар салу, инфрақұрылымды,  келбетін жақсартуға көңіл бөлінеді",- деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Жаңа әкім

Ержан Жылқыбаев 1982 жылы туған, білімі жоғары.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "Экономист-менеджер", ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын "Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі", С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін "заңгер" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық экономика департаментінің бас маманы қызметінен бастады.

2006-2009 жылдары парламенттегі үкімет өкілдігінің бас сарапшысы, экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бөлім басшысы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің көмекшісі қызметтерін атқарды.

2009-2014 жылдары – ШҚО әкімінің аппараты басшысының орынбасары, Семей қаласы әкімінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.

Әр жылдары президен әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі қызметінде болған, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдың ақпанынан бастап Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болған.

Үйленген, 4 баласы бар.

Жаңалықтар
0