Өңірлер

Наурыз мейрамында ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы

© Sputnik / Абзал КалиевСиница взлетает с ветки березы, пытаясь оторвать семена
Синица взлетает с ветки березы, пытаясь оторвать семена  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2021
Жазылу
Қазгидрометтің хабарлауынша, биыл көктем кеш шығады, ал кезекті антициклон ел аумағына батыстан келеді. Бұл көктайғаққа әкелгенмен, температура айтарлықтай төмендемейді

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. Синоптиктер 20-22 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қара теңізде пайда болған циклон 20-22 наурыз күнгі ауа райына әсер етеді. Облыстардың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын, қар жауады, ауа температурасының жоғарылауы байқалады", - деді синоптиктер.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтан

20 наурызда көшпелі бұлт шығады, таңертең қар аралас жаңбыр жауады. Тұман, көктайғақ күтілуде. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз ауа температурасы +3...+5 градус болады, түнде -2-4 градус.

21 наурызда көшпелі бұлт шығады, тұман, көктайғақ болжанып отыр. Түнде қар, жауын-шашын жауады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Күндіз ауа температурасы 0, +2 градус болады, түнде 0, - 2 градусқа жетеді.

22 наурызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, көктайғақ күтілуде. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы күндіз 0 градус. Түнде -3,-5 градус болады.

Алматы

Синоптиктер 20 наурызда Алматыда көшпелі бұлт шығады деп болжайды, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с. Ауа температурасы +15+17 градус, түнде +1, +3 градус жылы болады.

21 наурызда көшпелі бұлт шығып, түнде жауын-шашын, қар жауады. Күндіз жаңбыр жауады. Желдің екпіні секундына 0-5 метрге жетуі мүмкін. Ауа температурасы +5+7 градус, түнде 0, +2 градус жылы болады.

22 наурызда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Желдің күші - 0-5 м/с. Түнде ауа температурасы 0-2 градус, күндіз 13-15 градус жылы болады.

Шымкент

20 наурызда Шымкентте жауын-шашын болады. Желдің екпіні секундына 8-13 метр, кей жерлерде 15-20 метрге жетуі мүмкін. Түнде ауа температурасы 7-9 градус, күндіз 11-13 градус жылы болады.

21 наурызда көшпелі бұлт шығып, түнде жаңбыр жауады, желдің күші - 8-13 м\с. Түнде ауа температурасы 3-5 градус, күндіз – 12-14 градус жылы.

22 наурызда көшпелі бұлт шығады, түнде жауын-шашынсыз, желдің күші - 8-13 м\с. Түнде ауа температурасы 2-4 градус, күндіз – 14-16 градус жылы болады.

Жаңалықтар
0