Өңірлер

Шығыс Қазақстанда 48 оқушы мектепте уланып қалды

© Sputnik / Кирилл Брага / Медиабанкке өтуОқушылар сабақта, архивтегі сурет
Оқушылар сабақта, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2021
Жазылу
Алдын ала диагноз – жіті ішек инфекциясы немесе энтеровирустық инфекция, улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. Ұлан ауданының Бозанбай орта мектебінде оқушылар жаппай дене қызуына, лоқсу мен іш өтуіне шағымданды. Бұл туралы әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы хабарлады.

18 наурыз кешке 48 бала өзін нашар сезінген, оның 19-ы Өскемен қаласының Ана мен бала орталығына жіберілді.

"Алдын ала диагноз – жіті ішек инфекциясы немесе энтеровирустық инфекция. Мектеп асханасында тамақтануды жалға алушы жеке кәсіпкер ұйымдастырады. 18 наурыздан бастап мектеп карантинге жабылды. Оқушылар қашықтан оқытуға көшірілді", - деп мәлімдеді басқармадан.

Аудандық ішкі істер бөлімі осы фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 304-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Мектепте облыстың бас педиатры, эпидемиолог және инфекционист, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Қажетті зерттеулер жүргізілуде, деп толықтырды әкімдіктен.

"Аудан әкімдігі мен білім басқармасы балалардың улану себебін зерттеу бойынша ведомствоаралық комиссия құрды", - делінген хабарламада.

Бақылауды әлсіреткені үшін аудандық білім бөлімінің басшысы мен мектеп директоры қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтар
0