Өңірлер

Ақтөбеде процедура кезінде пациенті қайтыс болған дәрігерді сот кінәсіз деп таныды

© AP Photo / David GoldmanМедицина қызметкері
Медицина қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2021
Жазылу
Мемлекеттік айыптаушы соттан дәрігерді 3 жыл мерзімге медициналық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 2 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз – Sputnik. Науқас 2019 жылдың күзінде гидротубация процедурасы кезінде қайтыс болған. Ал сараптама нәтижесі, 20 жастағы Ақтөбе тұрғынының анафилактикалық шоктан көз жұмғанын көрсеткен.

Осы жағдайдан кейін гинеколог Қылмыстық кодекстің 317-бабының 3-бөлігі (медицина қызметкерінің кәсіби міндетін атқару кезінде немқұрайлы қарауынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан жағдай) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Алайда ол науқастың өлімінде өз кінәсін мойындамады, деп жазады жергілікті "Мой город" басылымы.

Айыпталушы емдеу стандарттарында көрсетілген препаратты қолданғанын алға тартқанымен, іс материалдарында дәрігердің диагностика мен емдеудің клиникалық протоколын өрескел бұзғаны жазылған.

"Науқасқа жатырішілік жолмен метронидазол-Акос препараты енгізілгендіктен, одан анафилактикалық шок пайда болды", – делінген ақпаратта.

Сот 2019 жылдың 14 қазанында пациент "Әлия" медициналық орталығының дәрігері Ольга Ли-Ко-Шин-Феттерге гидротубация процедурасын қабылдауға келгенін анықтады. Бұған дейін медбике науқастың ауырсынуын жеңілдету үшін кетонал препаратының орнына емдеуші дәрігердің келісімінсіз 2,0 мл кеторолак дәрісін еккен. Содан кейін дәрігер науқасқа 40 мл метронидазол ерітіндісін инъекциялаған. Ал бұл анафилактикалық жағдайға соқтыруы мүмкін.

Ал сотқа ұсынылған сарапшылар қорытындысында анафилактикалық шок кеторолакпен де, метрогилмен де болуы мүмкін екендігі көрсетілген. Сонымен қатар, медбике кеторолакты нұсқаулықта көрсетілгеннен 5 есе көп енгізген. Оған қоса пациенттің метронидазолға аллергиясы болмаған және процедурадан бұрын құрамында 7 күн бойы метронидазол бар дәрі қабылдаған.

Оқи отырыңыз: Дәрігер көз ауруы мен COVID-19 арасында қандай байланыс бар екенін айтты

Мемлекеттік айыптаушы соттан дәрігерді 3 жыл мерзімге медициналық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 2 жылдан 6 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Алайда сот дәрігерді кінәсіз деп тауып, оны ақтады.

Жаңалықтар
0