Өңірлер

Газдан уланған бес адамның өлімі: күдікті ұсталды

Газовое оборудование  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2021
Жазылу
Тиянақты жүргізілген тергеу жұмыстарының аясында күдіктінің іске қатысы бар екені дәлелденді, деп хабарлады тергеу басқармасының бастығы

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз — Sputnik. Түркістанда газдан уланған бес адамның қазасы бойынша күдікті ұсталды. Жауапқа тартылатындарың саны әлі де артуы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Нұрмахан Жалғасовтың айтуынша, күдікті газ орнату фирмаларының бірінде директор болып қызмет атқарады.

"Тиянақты жүргізілген тергеу жұмыстарының аясында оның іске қатысы бар екені дәлелденді. Біз күдіктілер санының артуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Тергеу жалғасып жатыр", – дейді Жалғасов.  

Айта кетейік, ақпан айының соңында Түркістан қаласындағы жер үйлердің бірінде бес адам – әйел мен оның төрт баласы қаза тапқан. Барлығы газдан уланып қалған. Осы оқиға Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі (Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша тіркелді. Полиция жедел-тергеу шараларын атқарды. Соның ішінде сараптамалар тағайындалып, куәгерлерден жауап алынды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 306-бабы (Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүгізіліп жатыр. Осы оқиғаны облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жеке бақылауына алды.

Түркістанда 5 адамның денесі табылды: көршісі сол күні не болғанын айтты

"Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болуды және газ жабдығы мен пешпен жылытудың сапасын қауіпсіз пайдалану тұрғысынан жіті тексеруді ұсынады. Үйді жылыту құрылғысының немесе мұржаның ақауы болса, осы саланың маманын шақырыңыз. Барлық сақтық шарасын орындаңыздар!", - деп атап өтті полиция бастығы.

Жаңалықтар
0