11:34 21 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD429.76
  • EUR518.16
  • RUB5.64
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
11516 0 0

Полиция қызметкерлері әйел зорлауға оқталған күдіктіні анықтады. Ол бұрын сотталған Бурабай ауданының 26 жастағы тұрғыны болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз — Sputnik. Ақмола облысында әйел зорламақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.  

13 наурызда Көкшетау полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғынынан шамамен түнгі сағат 3-те белгісіз біреудің үйінің кіреберісінде күштеп киімін шешіп, зорлауға әрекеттенгені туралы арыз келіп түсті.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде зорландым деген 20 жастағы келіншектің өзі сотталып кетті 

Жәбірленуші ұйқысыздық салдарынан түнде серуендеуге шыққаны белгілі болды. Әйел көршілерінің көмегімен қылмыскердің құрығынан құтылған.  

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктіні анықтады. Ол бұрын сотталған Бурабай ауданының 26 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің зорлауға оқталу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, қылмысқа қарсы күресті күшейту, қоғамдық орындарда жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында 12-18 наурыз аралығында Ақмола облысында "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. 

Тақырып бойынша

Ақтау тұрғыны өзін зорламақ болғандардың қылмысын дәлелдей алмай жүр
Ақтөбеде баланы зорламақ болған қарт: Түрмеден тірі шықпайтын шығармын
Тараздықтарды төрт күн бойы үрейде ұстаған адам қолға түсті
Шымкентте зейнеткерді зорламақ болған азғын неліктен арам ойынан айнығанын айтты
Шымкентте екі ер адам қызды зорламақ болғанда күтпеген оқиға болды
Загрузка...

Басты тақырып