Өңірлер

"Жұмабектің бажасымын!": полиция майоры шулы видеодан кейін жұмыстан қуылды

© SputnikПолиция Казахстана. Архивное фото
Полиция Казахстана. Архивное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2021
Жазылу
Отырар ауданында әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Жұмабек Төлеген мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін бұзғаны үшін жауапқа тартылды

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Түркістан облысында "Жұмабектің бажасымын!" деген көлік жүргізушінің заңсыз әрекетінен кейін полиция майоры жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен полиция стандарттарын бұзғаны үшін Түркістан облыстық полиция департаменті тәртіп комиссиясының шешімімен Отырар аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Жұмабек Төлеген атқарып отырған лауазымынан босатылды", - деді облыстық полицияның ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

"Жұмабектің бажасымын!": полициядан қорықпайтын шымкенттіктің видеосы тарады

Оның айтуынша, майор ішкі істер органдары құрамынан шығарылған жоқ. Түркістан облыстық полиция департаментінің резервінде қалды.

Айта кетейік, өткен аптада әлеуметтік желіде жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушінің видеосы тараған болатын. Ол полицияға бағынбай, ұсталған жерінен оп-оңай кетіп қалған. Полиция қызметкері құжат сұрағанда: "Не болды? Мен - Жұмабектің бажасымын. Қазір Жұмабек келеді. Жұмабекке звондасай", - дейді де кете береді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Полиция Лада Приора мінген "Жұмабектің бажасын" ұстады. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің екі бабы бойынша жазаға тартылды. Ал автокөлігі айып тұрағына қойылды. Қызметтік тексеріс кезінде Жұмабектің кім екені де анықталды. Оның қарамағында екі адам жұмыс істейді екен.

Жаңалықтар
0