21:59 24 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.61
  • EUR509.33
  • RUB5.88
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
166 0 0

Ең өтімді бензин маркасының бағасы күн сайын өзгеріп отыр. Үкімет елдегі бензин қоры 20 күнге жететінін айтты, әрі қарай да тапшылық болмайды

АЛМАТЫ, 16 наурыз – Sputnik. Қазақстан бойынша жанармай құю бекеттерінде бензин бағасы қымбаттады, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Бензиннің ең өтімді маркасы АИ-92 өңірлерде 5-10 теңгеге қымбаттады.

Қазақстандықтар бүгін бензин бағасы қымбаттаса, ертең қоғамдық көліктегі жол ақысы, азық-түліктің қымбаттайтынын біледі.

"Мен 92-ші бензин құйдырамын, ол аз-маз қымбаттады, бірақ бұл тұрғындардың шығынына әсер етеді. Айына шамамен 20-30 мың теңге кетеді. Енді бұдан да көп ақша шығады", - дейді Орал қаласының тұрғыны Аслан Хамитов.

Жанармай құю станцияларының иелері сатып алу бағасы өсіп жатқанын айтады.

Енді АИ-92 өңірлерде шамамен 141 теңгеден 163 теңгеге дейін сатылып жатыр. Ел бойынша Солтүстік Қазақстан тұрғындарына бензин қымбатқа түсті.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда баспана тағы қымбаттады 

Сарапшылардың пікірінше, бензиннің қымбаттауынан қашып құтылу мүмкін емес, алайда олар отынды мұнаймен теңестірмеуге кеңес берді.

"Расымен де әлемдік нарықтағы мұнай бағасы төмендеді. Өткен жылы үш есе арзандады. Бірақ неге бензин арзандамады? Себебі сол кезде және қазір де ішкі нарықтағы жанар-жағармай материалдары бағасы өз құнынан төмен болды. Егер қазір тізбек пен шығындарды салыстырса, жанар-жағармай материалдары бағасы мен сұйытылған газдың да бағасы өз құнынан төмен екені көрінеді", - дейді мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байделдинов.

Ал энергетика министрлігі елдегі бензин қоры 20 күнге жетеді. Әрі қарай да тапшылық болмайтынын айтты.

Кілт сөздер:
бензин
Загрузка...

Басты тақырып