Өңірлер

Алматыда демалыста қоғамдық көлік жүрмейді – қозғалыс қашан қалпына келеді

© Sputnik / Тимур БатыршинБорцы с инфекцией - они обрабатывают автобусы и троллейбусы после каждого рейса
Борцы с инфекцией - они обрабатывают автобусы и троллейбусы после каждого рейса - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2021
Жазылу
Алматы қаласы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұр. Соған байланысты карантин шарасы күшейтілді

АЛМАТЫ, 15 наурыз – Sputnik. Алматыда демалыс және мереке күндері қоғамдық көлік тоқтайды. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, бұл шаралар қала коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақтан шыққанға дейін жалғасады.

"Демалыс және мереке күндері қоғамдық көлік қызметі тоқтатылды. Қала коронавирустың "қызыл" аймағынан шыққанша бұл шара жалғасады. Себебі бұл инфекцияның таралуының алдын алуға байланысты негізгі шара болып саналады. Халықтың бір-бірімен қатынасын азайту үшін, қоғамдық көлікте инфекция жұқтыру деңгейін төмендету үшін қажет", - деді Жандарбек Бекшин.

Бекшиннің сөзінше, коронавирус табылғандардың басым бөлігі инфекцияны қоғамдық көлікте жұқтырғанын айтады.

Сонымен қатар қалада жұмыс күндері қоғамдық көлік қатары көбейеді. Бұл – әлеуметтік қашықтық сақталып, адамның көп жиналмауы үшін қабылданып жатқан шара.

"Таңертең және кешкі уақытта қоғамдық көлікте жолаушылар саны көбейеді. Сол уақытта автобус санын арттырамыз. Бүгіннің өзінде 3-4 автобус қостық. Бақылаушылар да маска режимі мен әлеуметтік қашықтық сақталуын бақылап жүр. Таңертең және кешке әр бағытта 3-4 автобустан көбейтіп жатырмыз", - деді Алматы қаласы жолаушылар транспорты басқамасының басшысы Әсет Төлеушов.

Айта кетейік, Алматы қаласы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұр. Соған байланысты карантин шарасы күшейтілді.

Қаланың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, Наурызды тойлауға, мерекелік отырыстар өткізуге рұқсат берілмейді. 20-24 наурыз аралығында қалааралық, облысаралық автобустар қозғалысы тоқтайды.

Жаңалықтар
0