Өңірлер

Полиция түнгі клубта түсірілген видеоны жариялады

© Photo : СС0 Ди-джей в ночном клубе
Ди-джей в ночном клубе - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2021
Жазылу
Шымкентте "UNION" түнгі клубы карантин режимін бұзып, жұмыс істеген. Тәртіп сақшылары жиналған материалды шара қолдану үшін мүдделі органға жолдады

НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз – Sputnik. Шымкентте карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары кезекті рейд барысында қала орталығында орналасқан "UNION" түнгі клубының карантин режимін бұзып, жұмыс істеп тұрғанын анықтады. Карантин талаптарын елемеген нысанның әкімшісінен түсініктеме алынып, карантин талаптарын бұзу дерегі бойынша материал шара қолдану үшін мүдделі органға жолданды.

Сондай-ақ аталған тыйым салынған жерде қорқор шеккен үш азаматқа әкімшілік хаттама толтырды.

Айта кетейік, полицейлер коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Жаңалықтар
0