Өңірлер

"5 келі картоп қуырамыз": Он баласы бар шымкенттік отбасының тұрмыс-тіршілігі

© Public DomainФитнес занятия дети
Фитнес занятия дети  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2021
Жазылу
41 жасында оныншы сәбиін дүниеге әкелген шымкенттік  келіншек перзентханадан шықты. Отбасының тұңғышы мен кенжесінің арасы – 20 жыл

АЛМАТЫ, 9 наурыз – Sputnik. Шымкент қаласының 41 жастағы тұрғыны Айжан Пашанова жақында оныншы сәбиін дүниеге әкелді. Перзентханадан шыққан соң көпбалалы отбасының үйіне журналистер барып қайтты, деп хабарлады "Хабар 24".

Айжан мен жаңа туған нәрестесі перзентханада ұзақ уақыт болған жоқ. Себебі босану еш қиындықсыз өткен. Отбасы сәбидің атын Алмаз деп қойды.

Отбасының тұңғышы мен кенжесінің арасы – 20 жыл. Үй тіршілігі мен балаға қараудың машақаты көп болғанымен Айжан өзін өте көңілді ұстады. Ал үйіне барған тілшілерге бір баласының кірпияз екенін, енді бірінің салмақты, пысық екенін айтып таныстырды.

"Бес балам болғанын қалайтын едім, қазір 10 балам бар. Әжемнің де 10 баласы бар, әжеме жеттім", - дейді батыр ана.

Отағасы Ерлан Тәжіханов әзіл ретінде өзін батыр әке деп атайды. Айтуынша, көпбалалы әке болу оған қиын соқпайды, себебі бұрыннан үлкен отбасыны армандаған.

"Маған жақсы балалар бұйырды. Оларды өзіміз ұялмайтындай етіп тәрбиелеуге тырысамыз", - деп атап өтті ол.

Ақшаны "копилкаға" да жинадық: 8 баланың анасы астанадан екі пәтерді қалай алғанын айтты 

Үйде қыздар ас пісіруге анасына көмектеседі. Ал ас әзірлеу біршама уақыт алады.

"Егер мәнті пісірсек, бізге екі қазан керек. Картоп қуырған кезде 4-5 келі кетеді", - дейді Айжан.

Отбасыда еш баланың жеке бөлмесі жоқ. Соған қарамастан балалардың балалық шағы бақытты өтіп жатыр.

Жаңалықтар
0