Өңірлер

Ақтауда ауруханада жарылыс болды

© Sputnik / Абзал КалиевАуруханада кезек
Ауруханада кезек - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.03.2021
Жазылу
Ақтау қаласының полицейлері өрт сөндірушілер келгенше ауруханадан шыққан өртті сөндіріп, науқастарды сыртқа шығарған

АЛМАТЫ, 8 наурыз – Sputnik. Маңғыстау облысында ауруханада жарылыс болып, соңы өртке ұласты. Жағдайға кездейсоқ куәгер болған Ақтау қаласы жол-патрульдік полициясының қызметкерлері өрт сөндірушілер келгенше өртті сөндірді.

Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде жылдам қимылдап, ауруханадағы науқастарды қауіпсіз жерге шығарды.

Төтенше жағдай кеше кешке болды, деп хабарлайды Tumba.kz.

Зардап шеккен адамды медициналық мекемеге жеткізген жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері адамдарға бірінші болып көмекке келді. Себебі жарылыс пен өрт көз алдында болған. Тәртіп сақшылары медицина қызметкерлерімен бірге науқастарды ғимараттан шығарып, өрт сөндірушілер келгенше өртті сөндірді.

Тағы оқыңыз: Орал тұрғыны ауруханаға от қойды

"Жарылыс қабылдау бөлмесінде болды. Әрине, адамдар қорықты. Бірақ тәртіп сақшылары Н. Әзімхан мен Ж.Ниазбеков оларды тыныштандырып, көшеге шығуға көмектесті. Сол уақыт аралығында өрт сөндірушілерді шақырып, әріптестерін көмекке шақырды. Уақыт жоғалтпай, олар әр бөлмедегі науқастарды көшеге шығарған. Өртті полиция қызметкерлері сөндірді", - деп түсіндірді Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айтуынша, төтенше жағдай салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Өңірдің өрт сөндіру қызметі жарылысқа не себеп болғанын кейінірек хабарлайды.

Жаңалықтар
0