Өңірлер

Алматыда наурыздан бастап оқушылар мен студенттер қалай оқиды

© Sputnik / Абзал КалиевДистанционное обучение. Школьники перед ноутбуками
Дистанционное обучение. Школьники перед ноутбуками - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2021
Жазылу
Оқу жылының ІІІ тоқсанынан бастап 9 және 11 сынып оқушылары аралас оқуға көшті. Пәндердің 70%-і офлайн және 30%-і онлайн режимінде жүргізіледі

АЛМАТЫ, 5 наурыз – Sputnik. Алматы наурыздан бастап жоғары оқу орындары мен колледждердің бірінші курс студенттеріне аралас оқытуға көшуге рұқсат етіледі. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Оқу жылының ІІІ тоқсанынан бастап 9 және 11 сынып оқушылары аралас оқуға көшті. Пәндердің 70%-і офлайн және 30%-і онлайн режимінде жүргізіледі. Алдағы уақытта бітіру емтихандарына дайындалу және Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға байланысты аралас оқыту қажет болды", - деп атап өтті Жандарбек Бекшин.

Осылайша, Алматыда 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында рұқсат берілді:

  • 300 оқушыға дейінгі контингенті бар, сыныптардағы балалар саны 25 адамға дейінгі қалалық мектептерде дәстүрлі форматта оқыту;
  • 1 және 5 сыныптарды қоса алғанда жалпы білім беретін мектептерде ата-аналардың өтініштері бойынша сыныптардағы балалар саны 25 адамға дейін, ал халықаралық мектептерде 1-7 сыныптарды қоса алғанда аралас оқыту;
  • бітіруші сыныптар үшін аптаның алты күні ішінде аралас оқыту (9, 11 сыныптар): пәндердің 70%-і штаттық режимде, 30%-і қашықтықтан оқыту қажет. Бұл жағдайда сыныпта 15 адамнан артық болмауы керек, 1 сынып – 1 кабинет қағидасы сақталады.
  • сыныптан тыс уақытта білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқыту;
  • 2020-2021 оқу жылының екінші семестрінен бастап күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық және бетперде режимін, тұрғындар арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, колледждер мен ЖОО-ның I курс студенттерінің жатақханаларында 30%-ке дейін, ЖОО жатақханаларында 50%-ке дейін бөлменің толықтыру шартымен рұқсат етіледі.
Жаңалықтар
0