Өңірлер

Қазақстанда қандай жолдар жабық

© Photo : Pixabay / PexelsҚыс, жол
Қыс, жол - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2021
Жазылу
Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Павлодар облыстарында тас жолдарда автокөлік үшін қозғалыс шектелді

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Қазақстанда ауа райына – жолдың нашар көрінуі мен бұрқасынға байланысты тас жолдар жабылды.

Қарағанды облысында:

Екатеринбург – Алматы (1492-1854 шақырым), Қарағанды – Балқаш,

Жезқазған – Петропавл (252-377 шақырым), Қарағанды облысының шекарасы – Ақмола облысының шекарасы.

Шығыс Қазақстан облысында:

Омбы – Майқапшағай (756-906 шақырым), Семей – Қалбатау.

Ақтөбе облысында:

Самара – Шымкент (394-526 шақырым), Жымпиты ауылы – Ақтөбе облысының шекарасы,

Самара – Шымкент (266-392 шақырым), Подстепное – Жымпиты.

Павлодар облысында:

Қызылорда – Павлодар (967-1135 шақырым), Қарағанды – Павлодар облысының шекарасы.

Қандай жолдар ашылды

Таңғы 9-да Ақмола облысында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылды:

Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті (16-200 шақырым), Нұр-Сұлтан –  Павлодар облысының шекарасы,

Щучье – Зеренді (0-80 шақырым), Щучье –Зеренді,

Нұр-Сұлтан – Қорғалжын (19-180 шақырым), Нұр-Сұлтан – Қорғалжын қорығы,

Екатеринбург – Алматы (995-1247 шақырым), Атбасар – Нұр-Сұлтан.

Жаңалықтар
0