09:30 11 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
375 0 0

Бастапқы кезде полицейлер қыздың ата-анасы берген арыз бойынша іс қозғаудан бас тартып, өз әріптестерін қызметтен қуумен ғана шектелген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 4 наурыз – Sputnik. Былтыр Балқаш қаласында 13 жасар қызды зорлаған полицей 14 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды жергілікті "Мой город" басылымы.

Ал тәртіп сақшылары күдікке ілінген әріптестерін облыс аумағынан қашып кетуге әрекеттенген кезінде тұтқындаған.

2020 жылдың жазында полиция қызметкері 13 жастағы қыздың анасына хабарласып, олардың саяжайында қарасора өсетінін айтқан. Осы жайттың анық-қанығын білу мақсатында және жергілікті балалардан сұрақ-жауап алу үшін саяжайда тұрған қызының телефон нөмірін сұраған.

Одан кейін полицей жасөспірімге: "сенің саяжайда марихуана шеккенің туралы менде ақпарат бар" деп жазып, мұндай әрекет үшін әкесін 10 жылға бас бостандығынан айыруға болатынын ескертіп, қорқытқан. Тіпті, кейбір құжаттарға қол қою үшін өзімен кездесуді талап еткен.

Кездесу кезінде ол қызды одан сайын қорқытып, өзінің достарымен бірге марихуана қолданып жүргені туралы жаланы мойындауға мәжбүр етеді. Ол осындай "мойындауды" құжат жүзінде толтырып болған соң, бұл туралы ата-анасына тіс жармауы үшін жасөспірімді бопсалап, жыныстық қатынасқа түскен.

Бастапқы кезде қыздың ата-анасы берген арыз бойынша полицейлер іс қозғаудан бас тартып, өз әріптестерін қызметтен қуумен ғана шектелген.

Кейіннен экс-полицей жасөспірімнің ата-анасынан кешірім сұрап, арызды қайтарып алуды өтінген. Тіпті, жасөспірімді сүйіп қалғандығын да айтып ақталған.

Оқи отырыңыз: Ойына келгенін істеген: Балқашта зорланған қыз ақыры дегеніне жетті
2 наурыз күні сот экс-полицейді кінәлі деп танып, 14 жылға бас бостандығынан айырды және 5 миллион теңге көлеміндегі моральдық өтемақы төлеу жөнінде үкім шығарды.

Тақырып бойынша

Оқушы қыз өзін зорлаған азғыннан жүкті болып қалды
Үш рет өз әкесі зорлаған қыз педофилдерді піштіруге қарсы шықты
Бурабайда қаскөйлер екі күн бойы жалдамалы пәтерде қыз зорлаған
Оңтүстік Кореяда қыз зорлаған шымкенттіктің ісіне қатысты СІМ түсініктеме берді
Әріптестері жабылып зорлаған полицей қыз оқиғаның қалай болғанын айтты
Туған әкесі зорлаған қыз: басқа біреу болғанда айту жеңіл болар ма еді...
Кілт сөздер:
Балқаш, жасөспірім қыз
Загрузка...

Басты тақырып