Өңірлер

Екібастұзда жолаушылар вагоны отқа оранды

© Photo : Пресс-служба Департамента по чрезвычайным ситуациям Павлодарской областиЕкібастұзда жолаушылар вагоны өртенді
Екібастұзда жолаушылар вагоны өртенді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2021
Жазылу
Депо маңындағы вагон паркінде тұрған жолаушылар вагонның 73 шаршы метр аумағы толығымен өртеніп кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Екібастұз қаласындағы депода жолаушылар вагоны өртеніп кетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сүйенсек, өрт 2 наурыз күні түстен кейін болған.

© Photo : Пресс-служба Департамента по чрезвычайным ситуациям Павлодарской областиӨртті сөндіруге қаланың екі өрт сөндіру бөлімінен 10 адам мен 3 техника жұмылдырылды.
Екібастұзда жолаушылар вагоны отқа оранды - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2021
Өртті сөндіруге қаланың екі өрт сөндіру бөлімінен 10 адам мен 3 техника жұмылдырылды.

Екібастұз қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне Астана көшесінде орналасқан депода вагон өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына екі өрт сөндіру жасағы жіберілген.

"Екібастұз моторлы-вагон депосы" ЖШС-нің вагон паркінде тұрған жолаушылар вагонның 73 шаршы метр аумағы толығымен өртенгені анықталды", – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, тілсіз жаумен күреске өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан он адам мен үш техника жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: Пойыздағы жарылыс: Қазпошта өзіне тиесілі вагон туралы айтты

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Жаңалықтар
0