Өңірлер

Түсінен шошып оянған павлодарлық полицияны әбігерге салды

© Sputnik / Абзал КалиевПолицейский предъявляет документы
Полицейский предъявляет документы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.03.2021
Жазылу
Павлодар қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, әйелін белгісіз біреудің ұрлап кеткенін айтқан

АЛМАТЫ, 2 наурыз – Sputnik. Павлодарлық мас күйінде полицияға хабарласып, әйелін ұрлап кеткенін мәлімдеді. Ал әйел ол уақытта жұмыста болған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, Павлодар қаласының тұрғыны тәртіп сақшыларына хабарласып, әйелін белгісіз біреудің ұрлап кеткенін айтты. Оның сөзінше, бәз біреулер хабарласып, төлем талап еткен. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері ешқандай адам ұрлау әрекеті болмағанын анықтады.

Әйелі таңертең жұмысқа кеткен, күні бойы жұмыста болған. Күйеуі біраз ішімдік ішкеннен кейін оянып, әйелін таппай, полицияға қоңырау шалған.

"Түсімде көрген сияқтымын", - деді павлодарлық полиция қызметкерлеріне.

Айта кетейік, Павлодар қаласы бойынша полицияға күн сайын 300-500 қоңырау түседі.

Жаңалықтар
0