Өңірлер

Солтүстік Қазақстан облысында он мектеп карантинге жабылды 

© AP Photo / Thanassis StavrakisУчительница работает за компьютером в пустом классе
Учительница работает за компьютером в пустом классе  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2021
Жазылу
Жыл басынан бері өңірде 600 оқушыдан коронавирус анықталған.  Сондай-ақ 109 педагог ауырған. Оның ішінде 73 мұғалім штаттық режимде жұмыс істеген

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус салдарынан он мектеп карантинге жабылды, деп хабарлады облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Әсет Жұматаев брифингте.

Жыл басынан бері өңірде оқушылар арасында коронавирус жұқтырған 600 жағдай тіркелген. Оның ішінде, 341 бала штатты режимде сабақ оқыса, коронавирус жұқтырған 259 оқушы қашықтан оқыған. Ал мұғалімдер арасында 109 педагогтен коронавирус анықталған. Оның ішінде 73 мұғалім штаттық режимде жұмыс істеген, деп нақтылады санитар дәрігер.

"Қазір он мектеп карантинге жабылған: Қызылжар ауданында - Соколовская, Сивковская және Кустовская орта мектептері, Мағжан Жұмабаев ауданында - Қарақоға және Полтава орта мектептері, қазақ тілінде оқытатын Еңбекші мектебі, Пролетарская бастауыш мектебі, Уәлиханов ауданында – Бидайық орта мектебі, Мүсірепов ауданында - Салқынкөл орта мектебі, Тайынша ауданында - Ильичевск орта мектебі", - деді Жұматаев.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов ата-аналардың өтінішіне құлақ асып, келесі аптадан бастап балабақшалардағы кезекші сыныптардағы орындар санын арттыруға уәде етті.

Карантин жеңілдетілді: Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды 

"Балабақшаларда қосымша орындар ашу жөнінде маған ата-аналардан көп өтініш келіп түседі. Пандемияға баланысты балабақша жұмысын шектеуге мәжбүр болдық. Сондықтан кезекші сыныптар тек жартылай жұмыс істеп тұр. Қазір аймақтағы жағдай біршама тұрақтанды. Біз "жасыл" аймаққа өттік. Бұл карантин шектеулерін біршама жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сондықтан келесі аптадан бастап кезекші сыныптардағы орындар санын арттырамыз", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Құмар Ақсақалов осындай қиын кезеңде түсіністік танытып, шыдамдылық білдірген ата-аналарға алғыс айтты.

Жаңалықтар
0