Өңірлер

Алматыда 20-30 сантиметр қар жауды

© Photo : акимат АлматыУборка снега в Алматы
Уборка снега в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2021
Жазылу
Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстарға, тау бөктері мен таулы аймақтарда қар тазаланды

АЛМАТЫ, 25 ақпан – Sputnik. Алматыда өткен тәуліктен бастап жауған қардың қалыңдығы  20-30 сантиметрге жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тау бөктерінде 30-40 сантиметр қар жатыр.

24 ақпанда Алматыда сағат 16.00-де қар аралас жаңбыр жауа бастады. 25 ақпанда сағат түнгі бір шамасында ауа температурасы -10 градусқа дейін төмендеп, арты қарға ұласты.

© Sputnik / Айгерім ТаубайАлматыда қалың қар жауды
Алматыда 20-30 сантиметр қар жауды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2021
Алматыда қалың қар жауды

Қала әкімдігінің хабарлауынша, 25 ақпан сағат таңғы тоғызға дейін қалада 20-30 сантиметр, таулы және тау бөктерінде 30-40 сантиметр қар жауды.

"Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстарға, тау бөктері мен таулы аймақтарда қар тазаланды. Көктайғаққа қарсы 4 867 тонна материал себілді", - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

© Sputnik / Айгерім ТаубайАлматыда қалың қар жауды
Алматыда 20-30 сантиметр қар жауды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.02.2021
Алматыда қалың қар жауды

Қар тазалау жұмысына 653 техника, оның ішінде 205 құмлақтырғыш пен 1 653 жұмысшысы жұмылдырылған.

"Түнгі сағат 03.00-ден бастап қар күреушілерге патрульдік полиция көлігі еріп жүрді. Жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақтар, үстіңгі өткелдердегі қарды тазарту жұмыстары жүргізілуде", - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, таңғы қарбаластан кейін қар сыртқа шығарылады.

Қазгидрометтің мәліметінше, қалада бүгін де қар жауады.

Жаңалықтар
0