Өңірлер

Екібастұзда ер адамды атып өлтірген күдікті ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинКісен, архивтегі сурет
Кісен, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2021
Жазылу
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері кісі өлімі шолақ мылтықтан атылған оқтан болғанын анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Екібастұз тұрғынын атып өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Екібастұз тұрғынын өлтірді деген күдікпен 65 жастағы ер адам ұсталды", – деді Павлодар облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Ол марқұмды шолақ мылтықпен атқаны анықталды.

Бұған дейін Sputnik Қазақстан 23 ақпан күні таңғы сағат 08.00 шамасында Сәтпаев көшесіндегі тұрғын үй ауласында белгісіз біреу қоқыс шығарып жатқан ер адамға қарудан оқ атқанын хабарлаған. Ер адам алған жарақаттан оқиға орнында қайтыс болды. 

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі кезде күдіктінің қаруы тәркіленіп, өзі Екібастұз қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жарияланбайды", – деді құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Оқи отырыңыз: Ұлы көз жұмды: белгісіз біреу қала орталығында депутаттың көлігіне оқ атты

Айта кетейік, күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0